(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2000 ж. 9 қазандағы № 459
Жарлығы
Осы редакция 2014 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат):
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"10-1) тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған С-1, С-2, С-3 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарайды; тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған өзге санаттардағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың Тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіреді; облыстардың, Астана мен Алматы қалалары Тәртіптік кеңестерінің жұмысын бақылайды әрі тексереді және олардың басшыларын тағайындауға келісім береді";
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат):
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:
бірінші тарауда:
Редакция документа
Демо – версия документа