Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 10-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

10-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы

ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Жедел-криминалистикалық департамент (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес (бұдан әрі - ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

4. Департамент:

1) Басшылықтан;

2) Тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету басқармасынан;

3) Криминалистикалық және арнайы зерттеулер басқармасынан;

4) Жедел-криминалистикалық бөліністердің (бұдан әрі - ЖКБ) қызметін ұйымдастыру және есептер басқармасынан тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

5. Тапсырма: ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) тергеу және жедел-іздестіру жұмысына криминалистикалық құралдар мен әдістерді енгізу, қылмыстардың алдын алуда, ашуда және тергеуде оларды пайдалануды қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) Департамент қызметкерлерінің мамандар ретінде тергеу әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуы;

2) ІІО-ның криминалистикалық бөліністері қызметкерлерінің тергеу әрекеттеріне және жедел-іздестіру іс-шараларына қатысу әдістерін талдау. Республикалық және өңірлік криминалистикалық есептерді, криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдаланудың нәтижелілігін бағалау;

3) практикалық материалдарды және бөліністер қызметінің өзге де нысандарын талдау негізінде қылмыстарды жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку