Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 9-қосымша) (2016.05.11. берілген өзгерістермен)

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.05.11. № 1033 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына

9-қосымша

 


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

Жедел жоспарлау департаменті туралы

ереже
(2016.05.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Жедел жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады және Ішкі істер министріне бағынады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.

4. Департамент:

1) Басшылықтан;

2) Жедел басқару орталығынан;

3) Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасынан;

4) арнайы іс-шараларды әзірлеуді бақылау бөлімінен тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндеті: Қазақстан Республикасы ІІМ жедел басқарудың жалпы стратегиясын әзірлеу.

Функциялары:

1) жедел ақпаратты үздіксіз жинауды және республиканың өңірлеріндегі криминогендік жағдайды кешенді талдауды қамтамасыз ету;

2) ауыр қылмыстар жасау, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз ету;

3) сұрау салуларды жедел-іздестіру, анықтамалық және аналитикалық мақсаттағы біріктірілген деректер банкі арқылы тәуліктік өңдеуді қамтамасыз ету.

6. Міндеті: қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді (оның ішінде электрондық форматта) жүзеге асыру.

Функциялары:

1) қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді жүзеге асыруды бақылау;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции