Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 2-қосымша) (2016.05.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.05.11. № 1033 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
№ 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті туралы
ереже
(2016.05.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, осы Ережеде белгіленген міндеттер мен функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының (бұдан әрі - ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.
1) Басшылықтан;
2) Ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімнен;
3) Ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс басқармасынан;
4) Қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасынан;
5) Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасынан;
6) Тәрбие жұмысын және кәсіби даярлықты ұйымдастыру басқармасынан тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері
5. Міндеті: мемлекеттік кадр саясатының құрамдық бөлігі ретінде ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадрлық саясатты жүзеге асырады.
Функциялары:
1) ішкі істер органдарының жүйесінде кадрлық саясат саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің шешімдерін іске асырады, төменгі бөліністердің оларды орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлайды, кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық басшылықты жүзеге асырады;
Демо – версия документа