Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 1-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 477 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті туралы

ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Штаб-департамент (бұдан әрі - Штаб) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінің қызметін үйлестіруді және жоспарлауды қамтамасыз ететін және жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Штабтың құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте Ішкі істер министрімен бекітіледі.

4. Штаб:

1) басшылықтан;

2) ұйымдастырушылық-талдау жұмысы басқармасынан;

3) жоспарлау және бақылау басқармасынан;

4) үйлестіру басқармасынан;

5) есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау басқармасынан;

6) аймақтық бақылау және инспекциялау тобынан;

7) кеңседен тұрады.

 

 

2. Штабтың негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

5. Міндеті: Ішкі істер министрінің қызметін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) елдегі жедел жағдайдың жай-күйі, ішкі істер органдары жұмысының нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде кездесетін проблемаларды жою бойынша ұсыныстарды дайындайды;

2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қауіпсіздік Кеңесінде, Үкіметте, Конституциялық Кеңесте, Үйлестіру Кеңесінде және басқа да жоғары тұрған және консультациялық-кеңесші органдарда заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша болатын отырыстарға (кеңестерге) ақпараттық-аналитикалық материалдарды, баяндама мен сөз сөйлеу тезистерін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку