(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.27.02 № 85 БҰЙРЫҒЫНА 1...
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 85 бұйрығына
1-қосымша
Осы редакция 2014 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтарда № 34 қаулысымен бекітілген «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не ұсынылған материалдарды қайтара отырып, қағаз тасығышта берілетін қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет өзге де құжаттарын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкерімен өтінішті мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды құжат айналым жүйесінде (бұдан әрі - БЭҚАЖ) тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарауы;
Редакция документа
Демо – версия документа