Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 29.09.04 Ж. № 1449 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы

(2008.14.02. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi реттеуге және оның тиiмділігiн арттыруға бағытталған әкiмшiлiк реформаны жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына және 23-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылымына кiретiн орталық мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттiктерiнiң ара жiгiн ажыратуға негiзделген, мемлекеттік басқарудың мынадай принциптерi белгiленсiн:

1) министрлiктерге тиiстi басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар;

2) министрлiктердiң құрамына кiретiн комитеттерге мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары бекітілсiн.

2. Таратылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiнiң базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі құрылсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң туризмдi дамыту функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне, ал мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берiле отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне қосу жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі оның шағын кәсiпкерлiктi тiкелей қолдау функциялары жергiлiктi атқарушы органдарға берiле отырып, сондай-ақ оған мынадай:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку