«Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 маусымдағы № 145 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ұлтты экономика министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 374 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 145 бұйрығына
6-қосымша
«Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі және оның облыстар, Астана, Алматы қалаларының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші):
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісім беру туралы хабарлама жіберіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау
Документ утратил силу
Демо – версия документа