Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 863 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 773 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау кызметі туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Сырбар» қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, нақты және шартты атаулары, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты атауларымен өкілдік етеді.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. «Сырбар» қызметінің іс-қимылын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. «Сырбар» қызметінің миссиясы:

барлау ақпаратына қол жеткізу, өңдеу және пайдалану жөнінде барлау қызметін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу және қатысу.»;

15-тармақта:

(өте құпия);

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку