«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.02.06. № 358 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 227 бұйрығына
1-қосымша
«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын қағаз нысанында беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) ЖОО-ның кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап және тіркеп, қарап талқылау үшін ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (1 жұмыс күні ішінде);
2) ЖОО-ның оқу бөлімі көрсетілетін қызметті алушыға берілетін анықтама дайындап, қарап талқылау үшін ЖОО-ның басшылығына тапсырады (4 жұмыс күні ішінде);
3) ЖОО-ның басшылығы құжаттарды қарап, ЖОО-ның оқу бөліміне тапсырады (2 жұмыс күні ішінде);
Документ утратил силу
Демо – версия документа