Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.10 № 565 БҰЙРЫҒ...

Осы редакция 2014 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 565 бұйрығымен бекітілген

№ 13 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы
ереже
(2014.04.05. берілген толықтырулармен)



1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті (бұдан әрі - ӨҚД) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) дербес жедел-тергеу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. ӨҚД өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. ӨҚД-ның құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

4. ӨҚД:

1) Басшылықтан;

2) Талдау жұмысы және ішкі бақылау басқармасынан;

3) Жедел жұмысты ұйымдастыру басқармасынан;

4) Қызметтік тексеру және тергеу басқармасынан;

5) Тергеу және жедел ден қою тобынан;

6) ӨҚД өкілдер тобынан тұрады.

5. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД) өзіндік қауіпсіздік бөліністері дербес өзіндік қауіпсіздік басқармалары ретінде (бұдан әрі - ӨҚБ) ІІД-нің, КІІД-нің құрылымына кіреді және ӨҚД-ға тігінен бағынады және есеп береді.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі - ҚАЖД) және мекемелерінің өзіндік қауіпсіздік бөліністері дербес өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету топтары болып табылады және ІІД, КІІД ӨҚБ-ға тігінен бағынады және есеп береді.

6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) өзіндік қауіпсіздік бөлінісі дербес өзіндік қауіпсіздік басқармасы ретінде ҚАЖК-нің құрылымына кіреді және ӨҚД-ға тігінен бағынады және есеп береді.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку