(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.10 № 565 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2014 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 565 бұйрығымен бекітілген
№ 11 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаменті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, осы Ережеде белгіленген міндеттер мен функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.
1) Басшылықтан;
2) Қызмет өткеруді ұйымдастыру басқармасынан;
3) Ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс басқармасынан;
4) Кәсіби және психологиялық даярлықты ұйымдастыру басқармасынан;
5) Ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасынан;
6) Жеке құрам жөніндегі инспекциядан;
7) тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінен;
8) ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімнен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Міндеттері: ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадр саясатын мемлекеттік кадр саясатының құрамдық бөлігі ретінде жүзеге асырады.
Функциялары:
1) ішкі істер органдары жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кадр саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, төменгі бөліністердің оларды орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлайды, кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық басшылықты жүзеге асырады;
Редакция документа
Демо – версия документа