«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 187/НҚ бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 187/НҚ бұйрығына
1-қосымша
«Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қауылысымен бекітілген. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт), аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатын беру арқылы іске асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсатын (бұдан әрі - рұқсат) беру болып табылады.
2. «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімін (іс-қимылын) бастауға негіздеме қызмет көрсетушімен Стандарттың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінішті Стандарттын 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) қоса қабылдау болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тұскен күні, оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді 2 сағат ішінде жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;
Документ утратил силу
Демо – версия документа