«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 813 Қаулысы
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 813 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:
1-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді республикалық мүлік бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлік бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтінімдер қабылдауды және жабық тендер мен екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізетін, тендердің және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады.»;
22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:»;
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың өтінімдерін қабылдау және оларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы болған кезде жүргізіледі.»;
23-1, 23-2 және 23-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1 Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
Демо – версия документа