«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 794 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 27, 203-құжат; 2012 ж., № 40, 520-құжат; № 77-78, 1133-құжат; 2013 ж,. № 38, 547-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
«Кіріспе» деген 1-бөлімнің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тәсілдерін айқындау міндеті осы тұрғыдан қойылған, олар әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде өзінің пәрменділігін көрсеткен, жүргізіліп жатқан жинақтау саясатының қисынды жалғасы болады.»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртібі» деген 4-бөлімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану
Қаражатты пайдаланудың жаңа тәсіліне сәйкес 2011 жылдан бастап абсолютті мәні 8 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тіркеу оның жаңалығы болып табылады.
Бұл ретте республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің тіркелген мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты 15%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа