Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 139/НҚ бұйрығына 2-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Өңірлік даму министрінің

2014 жылғы 16 мамырдағы

№ 139/НҚ бұйрығына

2-қосымша

 


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, оның жергілікті жердегі филиалдары және аудандық бөлімшелерімен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне жеке тұрақты жер пайдалану құқығына актіні (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.

Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады, қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрмен расталады;

«Электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку