«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015.25.05. № 601 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
5-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу»
көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) тіркеу куәлігін электрондық құжат нысанында беру және кері қайтарып алу;
2) сериялық нөмірін кері қайтарып алынған куәліктердің тізімінде орналастырып тіркеу куәлігін кері қайтарып алу болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету
процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесін (бұдан әрі- өтініш) алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураны (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа