«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 877 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
4-қосымша
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі-куәлік) беру болып табылады.
2. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) мемлекеттік
қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттері тәртібінің
сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар тізбесін (бұдан әрі- өтініш) алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураны (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір процедураның (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері (бұдан әрі-кеңсе) өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен сәттен бастап қырық минут ішінде өтінішті қабылдайды, ашады және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі- МО БЭҚАЖ) тіркейді де оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін береді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа