Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында жануарлар әлемі объектілерін улы химикаттарды қолдана отырып аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 3 маусымдағы

№ 607 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында жануарлар әлемі объектілерін улы химикаттарды қолдана отырып аулауға келісу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында жануарлар әлемі объектілерін улы химикаттарды қолдана отырып аулауға келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруларының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауды келісу (бұдан әрі - келісу).

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку