Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 3 маусымдағы

№ 607 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы

 үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - әуесқойлық (спорттық) балық аулауға қағаз түріндегі жолдама (бұдан әрі - жолдама).

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет алушылар) ақылы көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку