«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
«Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап сертификат беру немесе қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - парниктік газдар шығарындыларына сертификат беру немесе сертификатты қайта ресімдеу.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Документ утратил силу
Демо – версия документа