Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту саласындағы кәсіптік верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 3 маусымдағы

№ 607 қаулысымен

бекітілген

 


«Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту саласындағы кәсіптік верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін қысқарту саласындағы кәсіптік верификациялық және валидациялық (детерминациялық) қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік он бес күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз түріндегі аккредиттеу туралы куәлік.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку