«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015.01.10. № 808 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
«І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «І санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
Табиғат пайдаланушыда эмиссиялардың бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда, Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті көрсетеді:
1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін - жылына 500 тонна;
2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 10000 тонна;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 500000 тонна.
Қалған жағдайларда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
рұқсат беру - 2 (екі) айдан аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
кешенді экологиялық рұқсат беру - 3 (үш) ай ішінде;
өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут.
Документ утратил силу
Демо – версия документа