(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.30.01 № 37 БҰЙРЫҒЫНА 3...
Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 37 бұйрығына
3-қосымша
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін
есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
Мемлекеттік қызметті Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы;
2) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
Редакция документа
Демо – версия документа