(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.30.01 № 37 БҰЙРЫҒЫНА 2...
Осы редакция 2014 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 37 бұйрығына
2-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметі Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету оратлықтарының қызметін үйлестіру Комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - орталық) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде (автоматтандырылған емес)
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандартына сәйкес бизнес-идентификациялық нөмірі енгізілген немесе осы стандарттың 12-тармағында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған қағаз нысанындағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу туралы анықтама Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері
тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа