Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 245 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2014 жылғы 10 сәуірдегі

№ 245 бұйрығына

1-қосымша

 


«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы негізінде, сондай-ақ «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысымен бекітілген «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік құралдарының өту жолында орналасқан стационарлық посттарында көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қағаз түрінде беру (бұдан әрі - өлшеу сертификаты) болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің
іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті туынды түрде өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку