«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 138/НҚ бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 138/НҚ бұйрығына
1-қосымша
«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ереже
1. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электроныдық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат (бұдан әрі - ақпарат).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлеккеттік қызмет көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардың болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет көрсетушінің құжаттарды қабылдау бөлімінің қызметкерімен құжаттарды қабылдау;
2) құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап 10 минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді дайындау;
3) 5 минут ішінде ақпаратты басып шығарып және оған басшының қолын қою, мөрмен куаландыру;
4) ақпаратты беру.
Документ утратил силу
Демо – версия документа