2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Минск қ., 2014 жылғы 30 мамырда)
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Минск қ., 2014 жылғы 30 мамырда)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 720 Қаулысымен бекітілді
Осы Хаттама 2014 жылғы 29 шілдеден бастап уақытша қолданылады, ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 17-1/2865 Хатын қараңыз
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. СЭҚ ТН коды «8415» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8415 | Ылғалдылығы жеке реттелмейтiн кондиционерлерді қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен приборлары бар желдеткiшпен жабдықталған, ауаны баптауға арналған қондырғылар | Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау: - корпусты дайындау, электр өткiзгiш элементтерiн дайындау; - блоктарды құрастыру және монтаждау; - хладагент толтыру (конструкциясында хладагент құю көзделмеген және/немесе құю монтаждау кезінде жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа); - параметрлерiн реттеу және бақылау |
»;
2. СЭҚ ТН коды «8702-8704» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Демо – версия документа