«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 Қаулысы (2016.28.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 Қаулысы
(2016.28.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
Документ утратил силу
Демо – версия документа