(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.10 № 565 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2014 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 565 бұйрығымен бекітілген
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) Криминалдық полиция комитеті (бұдан әрі - Комитет) қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ІІМ-нің құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті» мемлекеттік мекемесі.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ІІМ-нің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкін.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
Комитет егер заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.
4. Комитеттің заңды мекенжайы:
010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1.
5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде құқықтық актілер шығарады.
6. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Редакция документа
Демо – версия документа