(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.12.2008 № 1305 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесін және «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1305 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы» мемлекеттік мекемесі және «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын:
1) мемлекеттік қызметтің анағұрлым талантты және тәжірибелі кадрларын даярлаудың, олардың рекрутингі мен кәсіби өсуінің жаңа жүйесін енгізу;
2) мемлекеттік және өзге де ұйымдар персоналының жағдайын зерделеу;
3) консалтингтік қызметтер көрсету;
4) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды окыту;
5) бағдарламалық қамтамасыз етуді және web-порталдарды әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің теңгеріміндегі ғимараттарды пайдалану және оларға қызмет көрсету.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беруді;
Редакция документа
Демо – версия документа