«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 187 НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 21/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 187 НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 21/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламентін бекіту туралы» № 187 НҚ бұйрығына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламенті мына мазмұндағы 13-1 және 16-1 тараулармен толықтырылсын:
«13-1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу бойынша өзара ішкі әрекеттесуі.
98-1. ӨСД, ЖӨӨБАШМАДД, ӨЫЭАД, СҚҚҚД, ТҮКШД, ҚТҮКШК, ЖҚГСРД, КДК, ЖРБК құзырет шегінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі - БИЖ) өңірлік саясаттың басымдықтарына, сондай-ақ министрлік жетекшілік ететін салада/аясында қабылданған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатарына сәйкестігіне қарайды және келіседі;
98-2. БИЖ өңірлердің тиімді дамуына сәйкестігіне мына құрылымдық бөлімшелер қарайды:
1) ӨСД, ӨЫЭАД, ЖӨӨБАШМАДД, СҚҚҚД, ТҮКШД, КДК, ҚТҮКШК:
Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасына және ҚР аумағын ұйымдастырудың бас сызбасына БИЖ сәйкестігіне;
2) ӨСД, ЖӨӨБАШМАДД, ӨЫЭАД, ҚТҮКШК:
өңірдің халық санын, көліктік-логистикалық, туристтік және өзге әлеуетін ескере отырып экономикалық дамудың ұзақ мерзімді орталықтарын құруға жобаның әсері;
қызметке немесе өнімге, еңбек, инфрақұрылым және өзге де ресурстарына сұранысын ескере отырып өңірдің жобаға қажеттілігі.
3) ӨСД, ЖӨӨБАШМАДД, ӨЫЭАД:
Демо – версия документа