«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына 5-қосымша) (2014.27.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 165 бұйрығына
5-қосымша
«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері, Министрліктің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Әділет министрліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары қойылған электрондық түрдегі мекенжай анықтамасын беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа