«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына 4-қосымша) (2014.27.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 165 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізуі және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беруі болып табылады.
Республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша сот тұрғын үйді пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдар үшін ұсынылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа