Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына 3-қосымша) (2014.27.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 20 наурыздағы

№ 165 бұйрығына

3-қосымша

 


«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)



1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің ХҚТ ТП ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде - уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу, электронды жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу болып табылады.

Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу үшін Орталыққа келу қажеттілігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде «жеке кабинетке» жіберіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции