«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша) (2014.27.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 165 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері Министрліктің - mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің паспорттық елтаңбалы мөрімен және қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлік беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа