«Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
міндетін атқарушысының
2014 жылғы 3 сәуірдегі
№ 221 бұйрығына
2-қосымша
«Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 16 және 39-баптарының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелер және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу және кемеге меншік құқығы туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік);
2) Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
Документ утратил силу
Демо – версия документа