Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі

міндетін атқарушысының

2014 жылғы 3 сәуірдегі

№ 221 бұйрығына

1-қосымша

 


«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 16 және 39-баптарының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы:

1) кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік;

2) Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

 

 

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiндегi құрылымдық
бөлімшелердегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкердің)
iс-қимылдары тәртiбiн сипаттау

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку