(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.24.12 № 1392 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1392 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 728-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерінің пайдаланушыларын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттық байқап тексеру жүргізуі және азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін жасауы;».
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа