«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 9-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығымен 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
9-қосымша
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу,
қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан - әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік кызметтің нәтижесі:
1) кеме куәлiгiн, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты;
2) қағаз түрінде кеме куәлiгiнің телнұсқасын;
3) қағаз түрінде кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау туралы анықтаманы беру болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа