Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығымен 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2014 жылғы 9 сәуірдегі

№ 239 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 


1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 212-бабы 6-1 тармағының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы (бұдан әрі - 1-көрсетілетін қызметті беруші);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңіз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - 2-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді кеменің, шағын көлемді кеменің және салынып жатқан кеменің тіркеу орнына қарай көрсетілетін қызметті беруші немесе 2-көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен қағаз түрінде көшірме немесе үзінді беру болып табылады.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку