«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығымен 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
3-қосымша
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі заңының 23-бабы 1-тармағы 13) тармақшасының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ішкі су және теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 қаулысымен бекітілген «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлігі қағаз нұсқада (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі
іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті өтініштері мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа