Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 25 сәуірдегі

№ 400 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті беруші әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы актіні алған cәттен бастап - күнтізбелік 15 (он бес) күн;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификаты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойдырып береді.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку