«Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 сәуірдегі
№ 400 қаулысымен
бекітілген
«Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 10 (он) күн;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа