«Лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 73 бұйрығына 1-қосымша) (2014.10.07. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 73 бұйрығына
1-қосымша
«Лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті
(2014.10.07. берілген толықтырулармен)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген «Лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтырының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартқандығы туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа