«Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 18 наурыздағы № 11 бұйрығына 1 қосымша) (2014.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 11 бұйрығына
1 қосымша
«Дінтану сараптамасын жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.23.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Дінтану сараптамасын жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген «Дінтану сараптамасын жүргізу» Стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты. Ұсынылу нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін
сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеріп, қабылдайды.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қабылдап алатын құжаттардың стандарттың 9-тармағына сәйкес келуі құжаттарды тіркеу журналына тіркеуге және құжаттарды қабылдап алғаны туралы көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртаңбасы (кіріс нөмірі, қабылданған күні) бар өтініштің көшірмесін беруге негіз болып табылады, құжаттардың 9-тармаққа сәйкес келмеуі құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа