«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысы (күші жойылды)
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:
10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссия ұсыныс пен сұраныстың өңірлік теңгерімі, жұмыс органының егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтері, мамандандырылған ұйымның ұсынысы, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының тізбесін, көлемін, олар бойынша тіркелген бағаны айқындайды және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымдар енгізеді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа