«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 1 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2014 жылғы 18 наурыздағы
№ 1 бұйрығына 1-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - порталда электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі — ЭЦҚ) фильмге прокаттау куәлiгiн беру (бұдан әрі - прокаттау куәлігі) немесе Стандарттын 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы прокаттау куәлiгiн қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрген жағдайда, прокаттау куәлiгi басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
4. Көрсетiлетiн қызмет алушы өтiнiшiнiң немесе көрсетiлетiн қызметті алушының электрондық сұрау салуының болуы мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға негiз болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа