(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.07.03 № 302 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 302 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері» деген 5-бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа