Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы

(2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) экстремистiк iс-әрекеттер ұйымдастыру - экстремистiк iс-әрекеттерге басшылық ету, экстремизмдi қаржыландыру, экстремистiк мақсатта адамдарды тарту, құралдар мен қарулар жасау және алу, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнің экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға бағытталған басқа да iс-әрекеттерi;

2) экстремизмге қарсы iс-қимыл - мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негiздерiн экстремизмнен қорғауға, тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, экстремизмдi болғызбауға, анықтауға, оның жолын кесуге және зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметi;

3) экстремизмнiң алдын алу - экстремизмнен сақтандыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi;

4) экстремистiк iс-әрекеттер - экстремистiк мақсаттағы iс-әрекеттер жасауға шақыратын жария үндеулердi, экстремистiк ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшiлiкке көрсетудi қоса алғанда, осындай iс-әрекеттердi тiкелей iске асыру;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку